.RU
Карта сайта

Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 450 Қаулысы

 

 

      Қазақстан Республикасының Yкiметi 

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:



      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi, басқа мүдделi министрлiктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Бағдарламаны iске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттiк органдар мен мүдделi ұйымдар жыл сайын 5 қаңтарға және 5 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне Бағдарламаның орындалуы туралы есептердi ұсынсын.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi жарты жылда бiр рет есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25 күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметінiң       
2005 жылғы 12 мамырдағы  
N 450 қаулысымен     
бекітiлген       

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА


КӘСIПКЕРЛIКТI ДАМЫТУ ЖӨНIНДЕГI ЖЕДЕЛДЕТIЛГЕН


ШАРАЛАРДЫҢ 2005-2007 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН


БАҒДАРЛАМАСЫ



 

1. Бағдарламаның паспорты



Бағдарламаның атауы    Қазақстан Республикасында шағын және орта
                       кәсіпкерлiкті дамыту жөнiндегi жеделдетілген
                       шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған
                       бағдарламасы

Бағдарламаны           Қазақстан Республикасы Президентiнiң
әзірлеу үшiн           "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және
негіздемелер           саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы
                       18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы,
                       "Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен
                       қолдау мәселелерi жөніндегi жұмыс топтарын
                       құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-
                       Министрiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы
                       N 358-ө өкiмi

Әзiрлеушi              Қазақстан Республикасы Экономика және
                       бюджеттік жоспарлау министрлiгi

Бағдарламаның          Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлер
мақсаты                қызметi саласын барынша кеңейтуге және
                       оларды жандандыруға бағытталған
                       институционалдық жағдайларды жетiлдiру
                       есебiнен Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгін
                       арттыру

Бағдарламаның          Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту үшiн
мiндеттерi             барынша ашық заңнамалық негіз құру;
                       экономиканы бюрократиясыздандыру және
                       әкiмшілiк кедергiлердi жою;
                       шағын және орта кәсiпкерлiктe көлеңкелi
                       айналымды қысқарту;
                       мемлекетке бейiндi емес функцияларды
                       рыноктік ортаға, бiрiншi кезекте, шағын және
                       орта кәсiпкерлiкке беру;
                       кластерлік-желілiк ұстаным негiзiнде өмiр
                       сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйе құру
                       және қамтамасыз ету;
                       инновациялық экономикада кәсiпкерлiктің
                       қатысуы.

Iске асыру мерзiмдерi  2005-2007 жылдар

Қаржыландыру көлемi    2005 жыл - 11 181,12;
мен көздерi            2006 жыл - 10 215,12;
                       2007 жыл - 10 000.
                       Көрсетілген мақсатқа жыл сайын бөлiнетiн
                       қаражат шегінде республикалық бюджет
                       қаражаты және Қазақстан Республикасының
                       заңнамасы тыйым салмайтын басқа да көздер
                       есебiнен.
                       Бұл ретте, қаржыландыру көлемi белгiленген
                       тәртiппен тиiстi жыл бюджетiн қалыптастыру
                       мен нақтылау кезiнде нақтыланады. Шағын және
                       орта бизнес субъектiлерiн қаржыландыруға
                       ұлттық компаниялардың қаражаты тартылады.

Күтілетін нәтижелер    Бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде:
                       2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының 
                       бiрқатар заңнамалық кесiмдерi әзiрленедi
                       және қабылданады;
                       2005 жылы шағын және орта кәсiпкерлiк
                       саласында мемлекеттiк органдардың бақылау
                       және қадағалау функцияларын қысқарту мен
                       жүйелендiру жөнiнде шаралар қабылданады;
                       2005 жылы кластерлiк-желілiк ұстаным
                       негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi
                       дамытудың экономикалық моделi әзiрленедi;
                       2005 жылы Үлкен қаржылық маркет құрылады;
                       бастапқы кезеңде 2005 жылы негізiнен аудан
                       орталықтар мен шағын қалаларда 160
                       микрокредиттiк ұйымдар құрылады;
                       2005-2006 жылдары кезеңiмен мемлекеттiң
                       бейiндi емес функцияларын шағын және орта
                       кәсіпкерлiкке беру жүргiзiледi;
                       үш жыл iшiнде шағын және орта бизнес
                       субъектілерiне кредит беру 95 млрд. теңгеге
                       дейiн ұлғаяды;
                       мемлекеттiң жеке сектормен өзара
                       iс-әрекетiнің жаңа идеологиясы жасалады.

 

2. Кiрiспе



      Осы Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Д.К.Ахметовтың жетекшiлiгімен өткен кеңестiң 2005 жылғы 19 ақпандағы N 007-222 хаттамасының 11-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      "Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау мәселелерi жөнiндегi жұмыс топтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 358-ө өкiмiмен төрт жұмыс тобы құрылды, олардың жұмыстарының мақсаты шағын және орта кәсiпкерлiкте жұмыстардың жаңа нысандарын айқындауға, оның жедел дамуы, кәсiпкерлiк пен мемлекет арасындағы өзара iс-әрекет тиiмдiлiгi үшiн жағдайлар жасауға, сондай-aқ кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк саясатын қалыптастыруға жаңа ұстанымдар әзiрлеуге бағытталған.
      Осы уақытқа дейiн Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау белгiлi бiр қысқа мерзiмдi тиiмдiлiк берген салық жеңiлдiктерiн беруге және мемлекеттiк қаржы есебiнен жеңiлдiкпен қаржыландыруға назар аударылды, бiрақ жүйесiз жүргізiлдi. Бұл, шағын кәсiпкерлiктi дамытудың перспективалары мен мiндеттерi ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған мемлекеттiң экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарының жалпы жүйесiмен өзара байланыссыз оның өз проблемалары тұрғысында қаралуымен түсiндiрiледi.
      Негiзгi мақсаты елдiң бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру болып табылатын 2015 жылға дейiнгi индустриялық-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы мен iске асырылуын ескере отырып, шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын қайта қарау және мемлекет пен жеке сектордың өзара iс-әрекетiнiң жаңа идеологиясын жолға қою қажет.
      Бүгінде шағын және орта кәсiпкерлiк инновациялық экономикада өз орнын жедел iздеу үшiн өзiнiң икемдiлiгiн, ұтқырлығын, рыноктiк объективтiлігін пайдалануы қажет жағдай пiсiп жетiлдi. Мемлекет, өз кезегiнде кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдай жасауы және өз көмегiн шағын және орта кәсiпкерлiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгi тұрғысынан едәуiр әлеуетi бар кәсiпорындарға және елдiң ғылыми-технологиялық әлеуетiн арттыруға бағыттауы тиiс.
      Алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың жедел шараларын қабылдауда. Осы бағдарлама кластерлiк-желілік ұстаным негiзінде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың жаңа мемлекеттік саясатына және мемлекет пен бизнестiң өзара қатынасының жаңа идеологиясына көшудiң өтпелi кезеңi ретiнде қаралады.

 

3. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы


мен дамуын талдау



 

Параграф 1. Жалпы ережелер



      Елдегi әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуына оң ықпал еттi.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша 2005 жылғы 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар тіркелген, оның 195,7 мың шағын кәсiпорындар құрайды, орта кәсiпорындар - 10,67 мың. Бұл ретте, шағын кәсiпкерлiк субъектілерi жалпы санының 93,9%-ын құрайды.
      Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиiстi күнiне 8,7%-ды құрады.
      Шағын кәсiпкерлiктiң ЖIӨ-ге қосқан үлесi 2003 жылы 16,2%-ды құрады, яғни салыстырмалы түрде шағын және орта кәсiпкерлiк шамамен 25%-ды бередi.
      Заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң тауарлар мен қызметтердi сатудан түскен кiрiстерiнiң артуы 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 8,7 %-ды құрады.
      Шағын кәсiпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары мүлдем дерлік өзгерген жоқ. Белсендi заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалпы санынан сауда, автомобиль жөндеу және үйде қолданатын бұйымдар саласы - 40,5%-ы басым жағдайды иеленген, шағын кәсiпкерлiк саласында белсендi халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен қамтылған (шағын кәсiпкерлiкте жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 31 %-ы).
      2003 жылы көлеңкелi экономиканың үлесi ЖIӨ-ден 22,6%-ды құрады, әйтседе 1992 жылдан 1998 жылдар кезеңiнде аталған көрсеткiш орташа 30-38%-ға дейiнгi аралықта бағаланды.
      Бүгiнгi күнде кәсiпкерлер қос бухгалтерлiк жүргiзе отырып, астыртын өндiрiспен және жалған мәмiлелермен айналысып не басқа да көлеңкелі операцияларға қатысып өз қызметтерiн салықтардан жасыруға тырысады.

 

Параграф 2. Шағын және орта кәсiпкерлiк саласындағы


заңнамаға талдау



      Бүгiнде Қазақстандағы экономикалық өзгерiстер құқық саласындағы қайта құрылымдауды басып озуда. Мұндай жағдай шағын және орта кәсiпкерлiк саласында да қалыптасқан.
      Мысалы, қолданыстағы құқық жүйесiнде "де юре" әрекет етуiн жалғастырып жатыр, кейiн қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерге қайшы келетiн, қайшылықтар туғызатын не құқықтық мәнiн жоғалтып, ескiрген кiшi заңи кесiмдер бар.
      Жоғарыда аталғандар, уәкiлеттi органдар тарапынан өздерiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және басқа да мемлекеттiк органдардың олардың бастамасы бойынша қабылданған кесiмдерiне тұрақты мониторинг жүргiзбегендiктен.
      2004 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша 10 195 Yкiмет қаулылары, оның iшiнде жою және өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша қолданыста деп есептеледi. Yкiметтiң қолданыстағы қаулыларының 420-сы дербес нормативтiк құқық кесiмдер тiкелей кәсiпкерлiк қызметтi реттейдi.
      Оларды қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 357 қаулысының күші жойылды деп танылды.
      Бір жағынан қолданыстағы заңнаманың қолданыстағы заңнама жүйесiнен заңсыз кесiмдердi "болдырмауды" қамтамасыз ететiн тетiктерi жоқ.
      Шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдау қажеттiгiн негіздеу кезiнде орындылығын жан-жақты талдау және шағын және орта кәсiпкерлiктiң жекелеген проблемаларын мемлекеттiк реттеудiң одан әрі тиiмдiлігі жүзеге асырылмайды.
      Бұдан басқа, қазiргi уақытта нормативтiк құқықтық кесiмдер әрекетiнiң одан әрi нәтижелiлiгiн қадағалап отыру тетiгi мүлдем дерлiк жоқ, мұндай нәтижелiлiктiң көрсеткiштерi мен өлшемдерi айқындалмаған.
      Әкiмшiлiк кедергiлер жеткiлiктi кездесетiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тыныс тiршiлiгiн үш кезеңге бөлуге болады;
      тiркеу және қайта тiркеу;
      әрекет етуi және дамуы;
      тарату.
      Жоғарыда аталған әрбiр кезеңде шағын және орта кәсiпкерлiктiң икемдiлiгiне, белсендiлiгiне және ұтқырлығына әсер ететiн көптеген проблемалар кездеседi, нәтижесiнде олардың дамуын тежейдi.
      Тiркеу, қайта тiркеу және тарату кезеңдерiнде.
      216 заңнамалық кесiмдердi қамтитын рұқсат ету жүйесiнiң қолданыстағы заңнамалық базаны ерекше айта кету керек және бизнес жүргiзу жөнiндегi жоғары шегерiмдердiң себебi болып табылады.
      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тiркеу және қайта тiркеу рәсiмдерi әр жерде орналасқан, түрлi ұйымдар беретiн көптеген құжаттарды қажет етедi. Рыноктiң конъюнктурасына байланыстығын ескере отырып, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерi қызмет түрлерiн үнемi өзгертiп отырады. Бұл, құрылтай құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және тiркеушi органға хабарлауға, сондай-ақ рұқсаттардың көптеген түрлерiн алуға әкелiп соғады.
      Көптеген елдерде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілері қызметiн қолдау үшiн "бip терезе" қағидаты бойынша тiркеу мен қайта тiркеуге жағдай жасалған. Мысалы, 2,4 млн. шағын және орта бизнес субъектілері бар Францияда тiркеу процесі 24 сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар "бip терезе" қағидаты бойынша 10 күн iшiнде тiркеледi. Бүгінде Қазақстанда бизнес - қоғамдастық құптаған осындай жүйе енгiзiлдi.
      Әрекет етуi мен даму кезеңiнде.
      Кәсiпкерлердiң қызметiнде көпшiлiк жағдайларда негізiнен әкiмшілiк бұзушылықтар орасан көп бақылау-қадағалау функцияларға ие мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердiң нәтижесiнде анықталады.
      Мұнда:
      тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерiн реттейтiн құқықтық нормалар әртүрлi нормативтік құқықтық кесiмдерде және бұл мәселе бойынша бiрыңғай заңнамалық кесiм жоқ;
      заңнамалық кесiмдерде (Салық, Әкiмшiлiк кодекстерде, кейбiр мемлекеттiк органдардың мәртебесiн айқындайтын заңдарда және т.б) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерін тексеруге ерекше ұстанымдар көзделмеген және сондықтан да мемлекеттік органдардың кәсiпкерлерге қатынасы олардың қызметiнiң ауқымына қарамастан бiрдей;
      тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерi бойынша рәсiмдердiң нақты бiрыңғай сипаты мен бiрыңғай глоссарилерi жоқ. Әртүрлi мемлекеттiк органдар тексерулердiң түрлi сыныптамасын (рейдтiк, кешендi, қарама-қарсы, жоспарлы, жоспардан тыс, хронометражды, ағымдағы және т.б) қолданады;
      бақылау-қадағалау органдары жұмысының тиiмдiлігін бағалаудың қазiргі практикасы анықталған бұзушылықтар мен салынған айыппұлдардың санына байланысты;
      кәсiпкерлiк субъектiлердiң қызметiнде төтенше жағдай туындағанда (ғимараттың құлауы, жаппай улану, кiсi өлiмi және т.б) аталған объектiге тексеру жүргізген лауазымды тұлғаның жауапкершілігі бiр мезетте қаралмайды.
      Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң жекелеген ережелерi шағын және орта кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуына кедергi келтiредi.
      Атап айтқанда, салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұлдарды қоспағанда, әкiмшiлiк айыппұлдардың еселенген мөлшерi шағын кәсiпкерлiк үшiн де және iрi бизнес үшiн де бiрдей белгіленген.
      Лауазымды тұлғаның барынша аз және барынша көп мөлшерде (5-тен 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн) белгіленген айыппұлдың сомасын өз қалауы бойынша таңдау мүмкіндігі әрбір құқық бұзушыға қатысты жемқорлықтың туындауына әкеліп соғады.
      Сонымен қатар, айыппұлдардың жоғары ставкасы кәсiпкерлердiң өзiн заңға сәйкес айыппұл төлеу не "аз" пара берiп құтылуды таңдауға итермелейдi.
      Лицензиялауға, акредаттауға, стандарттауға, сертификаттауға жататын жұмыстардың, тауарлар мен қызмет түрлерiнiң қазiргi кең көлемдi тiзбесi iскерлiк белсендiлiктiң, кәсiпкерлiк бастаманың өсуiне кедергі келтiредi. Бұдан басқа, лицензияны беру ретiнде, және одан әрi лицензиялық қызметтi негiздейтiн қосымша рұқсат беру жүйесi (рұқсат беру, қорытындылау, келiсу) бар. Бұл iс жүзiнде елде кәсiпкерлiктiң және әсiресе шағын және орта кәсiпкерлiктiң қызмет етуi мен дамуын тежейдi.
      Осылайша, әкiмшiлiк кедергiлердiң ауыртпалығы негiзгi кемшiлiк болып табылады:
      тiкелей әрекет етпейтiн кесiмдер, көптеген кiшi заңи кесiмдер бар;
      мәнi бойынша мемлекеттiк функциялар берiлген, мемлекеттiк органдар уәкiлеттiк еткен көптеген мемлекеттiк кәсiпорындар, акционерлiк қоғамдар қызмет етедi;
      шектен тыс статистикалық және салықтық есептiлiк бар;
      жекелеген мемлекеттiк органдар өздерiнiң бақылау-қадағалау, рұқсат беру және келiсу функциялары мен өкiлеттiктерiн қысқартуға дайын емес.
      Мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) жеткiзiп беруде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ашықтығын және олардың барынша көп қатысуын қамтамасыз етуi тиiс "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының аясында мемлекет пен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өзара қатынасын жеке атап өту керек. Алайда, практикада мемлекеттiк тапсырыс берушiлер шағын және орта кәсiпкерлiк үшiн заңда көзделген жеңiлдiктердi мүлдем дерлiк қолданбайды.

 

Параграф 3. Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдары



      Экономикалық дамудың осы кезеңiнде мемлекеттiң негiзгi рөлi кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиiс.
      Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымы - бұл субъектiлердiң дамуына жәрдемдесетiн және оларға кәсiпкерліктің дамуы үшiн қажеттi қызмет көрсететiн және кәсiпкерлiк ортаның тыныс тiршiлiгiне орта мен жағдайды қамтамасыз ететiн ұйымдар мен бiрлестiктердiң жиынтығы.
      Қазiргi уақытта кәсiпкерлiктi қолдау саласында көптеген түрлi институттар бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетiктерi қалыптасқан.
      Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады:
      қаржы институттары;
      қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;
      бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;
      ақпараттық-талдамалық маркетингтiк, консалтингтік, оқыту орталықтары;
      халықаралық институттар.
      Мемлекет бастамасы бойынша құрылған қаржы институттары мынадай ұйымдардан көрiнедi:
      "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы және оның өңiрлiк бөлiмшелерi;
      лизингтiк компаниялар;
      микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары.
      "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" (бұдан әрi - Қор).
      Қор қызметiнiң негiзгi мақсаты - өз қаржы қаражатын және мемлекеттiң шағын кәсiпкерлiктi дамытуға бөлген қаражатты тиiмдi пайдалану.
      Қордың барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлiмшелерi бар. Қордың несие портфелi өз қаражаты, республикалық бюджет қаражаты және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi және Азия Даму Банкi қарыздары есебiнен 2005 жылғы 1 қаңтарда 15,4 млрд. теңге құрады. ЕҚКДМ-мен қарыз туралы келiсiмге сәйкес 2005 жылы үлкен қаржы ресурстары кетуi күтiлуде.
      Қордың қаражаты шағын кәсiпкерлiктiң қалыптасу процесiнде оң рөл атқарды, бiрақ соңғы қарыз алушы үшiн пайыздық ставкаларды нақты төмендетудi қамтамасыз етпедi және ұзақ мерзiмдi өндiрiстiк жобаларды iске асыруға жәрдемдеспедi.
      Қор қызметi басталғаннан берi қазiргi уақытта тек ғана өз қаражаты есебiнен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аталған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд. теңге құрайды.
      Берiлген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негiзгi көлемi өнеркәсiптiк өндiрiске - 39 %, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеуге - 29,5 %, қызметтер мен көлiк саласына - 23 % келедi.
      Қордың шағын кәсiпкерлiк субъектілерін қаржылай қолдауы республиканың барлық өңiрлерiнде 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкiндiк бердi.
      Қордың проблемалары: бұл - оларда кепiлдiк қаражаттың жеткiлiксiздiгi салдарынан шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн инвестициялық қаражаттың қолжетiмсiздігі.
      Микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары елдiң кредит беру жүйесiнiң 3-шi деңгейi болып табылады және банк секторы мүдделілігінiң бiрқатар объективті факторларын (мол әкiмшiлiк шығыстар, кредиттiк тарихтың, рентабелдi жобалар және өтімділіктi қамтамасыз етудiң болмауы) қамтымаған кәсiпкерлердiң қаржы қызметтерiне қажеттілігін қанағаттандыруға тартылған. Ұсақ кәсiпкерлер үшiн өз капиталы, гранттары мен бағдарламаларға қатысушылардың жарналары есебiнен кредит берудi жүзеге асыратын микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кредиттiк қатынастар жүйесi деңгейiн мемлекет тарапынан аз реттелушi болып табылады. Сонымен қатар, жоғары операциялық және үстеме шығыстар, қарыз берушiлердiң нысаналы топтарына қызмет етумен байланысты тәуекелдердi ескере отырып, аталған операциялардың қызметi басқа кредиттiк мекемелердiң қызметiмен салыстырғанда шығын көлемi көп болып табылады. Сондай-ақ микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары өз қызметiнде микро кредиттер берумен қатар өз тәуекелдерiн төмендету үшiн әлеуеттi қарыз алушыларды шағын бизнестi жүргiзу жөнiнде оқытумен және консультациялық көмектер көрсетумен айналысады. Осылайша экономикалық мiндеттердi шешумен қатар микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары кәсiпкерлiк бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсендi бөлiгінiң өз-өзiн жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге оның жалпы өмiр сүру деңгейiн арттыру мен кредиттiк мәдениетке баулуға бағытталған әлеуметтiк мiндеттердi шешуге тартылған. Сондай-ақ микрокредит беру саласын дамыту мiндеттерiнiң бiрi ұсақ қаржы делдалдарын заңдастыру және көлеңкелi сектордан шығару болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк статистикалық тiзiлiм мәлiметтерi бойынша микрокредиттiк ұйымдардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 177 бiрлiкті құрады, олардың нақты жұмыс iстейтiндерi
40,7 % (72 бiрлiк) құрайды, уақытша бостары - 10,2 % (18 бірлiк), бiр ұйым тарау процесiнде, қалғандары қалыптасу сатысында.
      Микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдарының проблемалары - осы уақытқа дейiн микрокредит беру жүйесiнiң дамуын тежейтін негiзгi факторлар микрокредит беру жүйесiнiң дамуына тұжырымдамалық қағидаттарды, әлеуеттi инвесторлар үшiн микрокредиттiк ұйымдардың одан әрі тартымдылығын арттыру үшiн аталған саланы мемлекет тарапынан кешендi қолдаудың болмауы.
      Микрокредит беру саласын дамыту проблемалары, бұл:
      одан әрi орналастыру үшiн қорлардың тапшылығы мен қымбаттылығы;
      микрокредиттiк ұйымдарының қаражатының жеткiлiксiздiгi;
      микрокредиттiк ерекшелiкпен таныс бiлiктi кадрлардың жетiспеушiлiгi;
      микрокредиттiк жүйеге қатысушылар үшiн әдiстемелер мен оқыту бағдарламаларының болмауы;
      техникалық және ресурстық базаның болмауы;
      микроқаржы саласының жағдайын, үрдiстерi мен оның дамуының перспективаларын, олардың дамушы құрылымына жетекшiлiк ететiн бiрыңғай органның және оларды бағалау әдiсiнiң болмауы;
      дамыған мониторинг жүйесiнiң, iшкi бақылаудың болмауы;
      қаржы ресурстарын тартуға қиындықтар туғызатын отандық банктер мен басқа да банктiк емес ұйымдардың микрокредиттеу ұйымдарымен әлсiз өзара іс-әрекеті;
      микрокредиттiк ұйымдардың мемлекеттiк басқару органдармен және мемлекеттiк даму институттарымен ынтымақтастығының пысықталмаған кестесi.
      Қоғамдық ұйымдар мен салалық бiрлестiктер (қауымдастықтар) азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерiнде әлеуметтiк проблемаларды шешуде мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстырушы рөл атқарады және кәсiпкерлiк ортада қоғамдық қатынастарды реттеу тетiктерiнiң бiрi болып табылады.
      Қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар салыстырмалы түрде әлi жас. Қазiргi ұйымдардың көпшілігі соңғы бес жылдың iшiнде тiркелген және кәсiпкерлiктi дамыту жобаларын iске асыруда жеткiлiктi тәжiрибе жинақтаған жоқ, мемлекеттiк органдар үшін де, және нысаналы аудитория үшiн де байсалды әрiптестiк имидж құрған жоқ.
      Сондықтан үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар бытыраңқы, бiр-бiрiмен байланыссыз әрекет етедi, олардың қызметi бiр бiрiне қайшы келедi. Қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың едәуiр бөлiгi шетелдiк және халықаралық донорлық ұйымдардың гранттары үшiн бәсекелеседi, осыған байланысты олар шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiнiң нақты проблемалары мен қажеттiлiктерiне емес донордың миссиялары мен бағдарламаларымен үндес жобаларды әзiрлейдi және iске асырады.
      Қазiргi уақытта экономиканың басым салаларын дамытуда және нақты шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерін алғанда мемлекет мүддесiнiң жүйесiне жалғауға қабiлеттi барабар үкiметтiк емес ұйым жоқ. Осыған байланысты, YEҰ-ның қызметi қалың бұқарада нақты жобаға бекiтусiз және мiндеттердiң нақты қорытындамасынсыз жалпы мәселелердi шешуге тiреледi, жергілiктi атқарушы органдар үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдарды тең құқықты әрiптес ретiнде қарамайды және шешiм қабылдаудың нақты процесiне тартпайды.
      Бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер. Қазiргi уақытта Қазақстанда 44 бизнес-инкубатор мен инновациялық орталықтар қызмет етедi. Олардың мүлдем барлығы дерлігі жергілiктi атқарушы органдардың бастамасы бойынша құрылды және өздерiнiң қалыптасу кезеңiнде.
      Бизнес-инкубаторлар - өз алаңдарына арнайы жеңілдiк жағдайда iріктелген шағын кәсiпорындарды орналастыратын және оларға консалтингтік, оқыту, бухгалтерлiк және офистік қызметтер, оқыту бойынша қызмет көрсететiн құрылым. Бизнес-инкубаторлардың негiзгi мақсаты оның аумағында орналасқан шағын кәсiпорындардың орнықты қызмет етуiн қамтамасыз ету болып табылады.
      Негізiнен жоғары оқу орындарының базасында немесе ғылыми-зерттеу институттарының базасында осы жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетiн пайдалану және технопарк аумағында орналасқан инновациялық кәсiпорындарды құру және дамыту арқылы әзiрленген технологияларды коммерциализациялау мақсатында құрылған технопарктер бар.
      Көптеген бизнес-инкубаторлар инфрақұрылымның аталған нысанын құру тұжырымдамасының халықаралық практикасына сәйкес емес: офистiк және өндiрiстiк үй-жай ұсынумен заңды тұлғаны ұйымдастырумен шектеледi және өзiнiң нақты мiндетiн әлсiз орындайды не мүлде орындамайды:
      бизнес-инкубаторлардың менеджерлерi мен ұйымдастырушыларының теориялық және практикалық даярлығының әлсiздігіне;
      билiктiң жергілiкті органдары тарапынан бизнес-инкубаторларды түсiну мен қажеттi қолдаудың болмауына;
      қаржы қаражаты мен ақпараттың болмауына әкелiп соғады.
      Технопарктер қаржылық дербестікке жеткен жоқ және мемлекет пен басқа ұйымдар тарапынан қолдауды қажет етедi.
      Ақпараттық-талдамалық, маркетингтiк, консалтингтiк, оқыту орталықтары.
      Шағын және орта кәсiпкерлiк құрылудың бiрiншi кезеңiнде бiрқатар проблемалармен түйiседi, олар: шағын және орта кәсiпкердi тiркеу куәлiгiн қалай алу, қандай салық режимiн таңдау, қаржыландыру мәселесi бойынша қайда бару керек. Сондықтан осы кезеңде негiзгi рөл консалтингтiк компанияларға берiлетiн болады.
      Консалтингтiк компаниялар шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне мынадай бағыттар бойынша қызметтер көрсетедi:
      құқықтық қамтамасыз ету:
      аудит және бухгалтерия;
      маркетингтiк зерттеулер;
      бизнес-жоспарлау;
      салық заңнамасы;
      кедендiк рәсiмдер және т.б.
      Консалтингтiк компаниялардың қызметтерi қымбат және әрбiр шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң оларды пайдалануға мүмкiндігі жоқ. Консалтингтiк қызметтер рыногi тiптi iрi қалаларда толық емес, ал орталықтан алыс өңiрлерде мүлдем дерлік жоқ.
      Халықаралық институттар. Бүгiнгі күнде қазақстандық шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ресурстық, әдiстiк және ақпараттық қолдау көрсететiн Қазақстан Республикасының аумағында 150 астам акредиттелген шетелдiк халықаралық ұйымдар әрекет етуде.
      Қазақстанда халықаралық ұйымдар мен шетелдiк қорлардың өкiлдiктерi іске асыратын жобалар мен бағдарламалардың көп түрлігінен хабардар және талдайтын және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен қолдаудың шетелдiк институттары арасындағы тиiмдi керi байланысты қолдайтын бiрыңғай орган жоқ.
      Көптеген шетелдiк ұйымдар үшiн олардың жұмыстарының басты нәтижесi тапсырыс берушіге бөлiнген қаражатты "игеру" нәтижелерi туралы сындарлы есеп болып табылатыны практикаға айналды (бұл ретте тапсырыс берушiден басқа ешкiмге жұмыстардың нәтижелерi ұсынылмайды, орындалатын жұмыстар туралы тек органдар, яғни қандайда бiр жоба оған қатысты iске асырылса ғана ақпарат алады). Қазақстанда түрлі шетелдiк және халықаралық институттар бастамашы болған қайталанатын жобаларды халықаралық ұйымдар жиi iске асырады.
      Құрамына мемлекеттік органдар мен республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi кiретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан 2002 жылы Шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылды. Комиссия консультативтiк-кеңес орган болып табылады және оның шешiмi ұсынымдық сипат алады.
      2002-2003 жылдары мемлекеттiк органдар жанынан құрамына олардың қызметкерлерi және кәсiпкерлер қауымдастықтары мен қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi кiретiн Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту мәселелерi бойынша сараптама кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылды. Кеңестiң шешiмi ұсынымдық сипат алады.
      Комиссия мен Кеңестiң негiзгi мiндеттерi шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
      Шағын және орта кәсiпкерлiктiң субъектілері мен қолдаудың инфрақұрылымдары арасындағы негiзгі проблема - бұл қатысушылар арасында өзара iс-әрекеттi бастайтын және ұйымдастыратын бiрыңғай үйлестірушi орган немесе институттың болмауы.

 

Параграф 4. Кәсiпкерлiктi қолдаудың әлемдік тәжiрибесi



      Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына үлкен мән берiледi.
      БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша шағын кәсiпорындардың саны барлық кәсiпорындардың жалпы санынан 95 %-ға артық. Әлемдiк экономикада мұндай кәсiпорындардың үлесiне жұмыспен қамтылғандардың 60 % астамы келедi, ал олардың ЖIӨ-дегі үлесi 50 %-ға жетедi.
      Рыноктiк қатынастардың қалыптасуы кезiнде әсiресе шағын кәсiпкерлiк мемлекеттiк қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдiк тәжiрибе куә. Бұл ретте, тiреледi бизнестi бәсекеден қорғауға немесе ол үшiн ерекше "жұмсақ" жағдайлар құруға емес технологиялық жетілдірудiң генерациясы фирмаiшiлiк процестi үнемi ынталандыратын және фирманың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшiн оқытатын жағдайларды қамтамасыз етушi шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың нысаны мен мақсаты шешушi мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада iлгерiлiк жасаған көптеген елдердiң тәжiрибесi көрсетедi.
      Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау шаралары:
      жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, консультация және оқыту) қол жетiмдiлiктi жеңiлдетуге;
      рынок капиталына (салық жеңiлдiктерi, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттiк субсидиялар, рыноктiк және жеңiлдiктi кредиттi ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түрiндегi жеңiлдiкпен кредит беру) қол жетiмдiлiктi жеңiлдету;
      кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетiн кластерлiк-желiлiк ұстанымды енгiзу арқылы шағын компаниялар мәселесi бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған.
      Кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасы iске асырылған елдер - бұл Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания, Франция, Мексика, Чили, Бразилия. Бiрқатар дамыған және дамушы елдерде кластерлiк-желiлiк ұстанымға негiзделген шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасын iске асыруды мысалға келтiремiз.
      1. Италия. Бiрiншi рет кластерлiк-желiлiк ұстаным Италияда 70 жылдар қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлiк-желiлiк ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы бастау алатын "үшiншi Италия"1 деген атқа ие болған Италияның тәжiрибесi қызық. 70 жылдардың соңында "бiрiншi" және "екiншi" Италия экономикалық дағдарысты басынан өткiздi, елдiң солтүстiк-шығыс және орталық бөлiгi экономикалық өсудiң жоғары түрiн көрсеттi. Негiзiнен шағын және орта кәсiпорындар әрекет ететiн (тоқыма және былғары өндiрiсi, аяқ киiм, керамика және жиһаз өндiрiсi) бiрқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi тек ғана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қоймай, экспорт рыногына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның iрi кәсiпорындары құлдырауды басынан өткiзiп жатты, "үшiншi Италияның" шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiстiк процеске инновацияларды енгiзуге қабiлеттi болып шықты.
____________________________
1 "Бiрiншi Италия" - Италияның дәстүрлi бай солтүстiк-батыс бөлiгi, "екiншi Италия" - елдiң кедей оңтүстік бөлiгi.
      2. АҚШ. ЖҰӨ-нiң 50 %-нан астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшiнiң 2/3 астамы шағын кәсiпкерлiкке тартылған. AҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ел экономикасын оңалтуда шешушi рөл атқарды. Бұл үшiн АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретiн құрылым - АҚШ шағын бизнес әкiмшiлiгi (1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсiпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету - қызметтiң мәнi.
      3. Жапония. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесi барлық компаниялар санының 99,6 %-ын, ЖIӨ-нiң 55 %-ын және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын құрайды. Шағын кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiкке қатысты мемлекеттік саясатты iске асыратын мамандандырылған органдар желiсi құрылды.
      Жапонияда шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдаудың негiзгi шаралары:
      ШОБ-ты жаңғырту үшiн кредиттер мен жеңiлдiктi кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетiмділiктi жеңiлдету (20 жылға 1,05 %-дық ставкамен);
      бизнес-инкубаторлар құру, салық салу, және менеджмент, персоналды басқару және рыноктағы ахуал туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелерi бойынша қысқа мерзiмдi негізде мамандарды ұсынумен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесті қолдау жүйесiн құру;
      техникалық көмек, қаржылық және заңнамалық қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру;
      жаңа әзiрлемелердi коммерциализациялауды қолдау мен ғылыми oртa, бизнес және үкiмет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру арқылы технологиялардың дамуын қолдау;
      пайыздық төмен ставкалар бойынша субсидиялау және кредит беру арқылы бизнесте инновацияларды қолдау, венчурлық жобаларға мемлекеттiң қатысуы және зерттеу кәсiпорындары үшiн патенттiк төлемдердi төмендету.
      Жапонияда зерттеулердi дамыту деңгейi бойынша жетекшi рөлдi технопарктер алады. 70 % шамасында жапондық технопарктер өңiрлердегi шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындарын қолдау үшiн құрылды, бұл ретте, 58 %-ы жоғары технологиялы өнiмдер өндiруге бағытталған.
      4. Германия. Германдық кластерлiк-желiлiк ұстанымды қолдаудың негізгi қағидаттары - бұл мынадай рыноктiк тетiктерге:
      мемлекеттік қолдауға емес шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне басымдыққа;
      тиiмсiз кәсiпорындар рыноктан кетуi керек;
      шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттiң қаржылай көмек беруi үшiн негiзгi талап - кредитке қабiлеттiлiкке тiрек болады.
      5. Корея. Барлық компаниялардың 99,5 %-ын құрайтын 3 млн. шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi бар. Соның iшiнде шағын компаниялардың үлесi 97 % құрайды. Оңтүстік Кореяда шағын компаниялар жұмысқа орналастырудың маңызды көзi болып табылады, өйткенi онда елдiң экономикалық белсендi халқының 87 %-ы жұмыспен қамтылған (10 млн. астам). Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесiне елдiң ЖIӨ-нiң жартысы және оңтүстiккореялық экспорттың 43 % тиесiлi.
      6. Израиль. Қолдау инфрақұрылымының объектілерi құрылған, олардың көпшiлiгi мемлекеттiк. Кәсiпорындарды қаржыландыруға көмек беретiн мемлекеттiк және бiрнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттiк субсидия бизнестi жүргiзу үшiн қажеттi қаражаттың 3/4-iн құрайды, 1/4-i - кәсiпкердiң салған қаражаты.
      Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады.
      Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдына шаруашылық жүйенi оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiне бейiмдеу мiндетi қойылған елдерде жақсы дамыған.
      Ғылыми-өнеркәсiптiк парктер болашақтағы технополистердiң - озық технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау-құрастыру әзiрлемелерi қалаларының қазiргі үлгiлерi болып табылады. Өтпелi экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшiн ғылыми-өнеркәсіптік парктердi дамыту басымдығының стратегиясы - бұл жоғары технологиялық деңгейдiң өңiрлiк орталықтар желiсiн дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендiру негiзiнде қызметтің жаңа салаларында iлгерiлеу.
      Технополистерде ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан жақты дамыған адамдардың жаңа қоғамы құрылады.

 

Параграф 5. Бәсекелi ортаға берiлетiн қызмет түрлерiн талдау



      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына сәйкес мемлекеттiк органдардың қарамағында 400-ден астам республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар бар, алайда алдын ала жүргiзiлген сараптама олардың саны бүгінде 509 құрайтынын көрсеттi.
      Мемлекеттiк органдардың мәлiметтерi бойынша республикалық коммуналдық меншiкте барлығы 4892 кәсiпорын бар.
      Заңды тұлғалар тiзбесiнде (акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) орталық атқарушы органдардың атынан жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуымен 178 ұйым бар. Жергiлiктi атқарушы органдар 1061 акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң құрылтайшылары және қоса құрылтайшылары болып табылады.
      Мемлекеттiң қатысуымен кәсiпорындардың қызметiне алдын ала жүргiзiлген талдау олардың қызметiнiң бүгiнгi күннiң жағдайларына сәйкес келмейтiнiн көрсеттi. Кәсiпорындар iс жүзiнде рыноктi мемлекеттiк монополияға айырбастап, мемлекетке сәйкес келмейтiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруда. Әсiресе мұндай тәжiрибе мемлекеттiк тапсырыс есебiнен өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындарға тән. Бiр қатар мемлекеттiк кәсiпорындар рыноктік ортаға кең ұсынылған қызметтi жүзеге асырады: сауда - делдалдық қызмет, көлiк қызметтерi, сервистiк сипаттағы қызметтер, құрылыс, баспаханалық және басып шығару қызметi, абаттандыру, ғимараттар мен құрылыстарға қызметтер көрсету, ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету және бағдарламалық өнiм жасау және т.б. Iрi мегахолдингтер құрамында жоғарыда айтылған қызметтi жүзеге асыратын және холдингтің негiзгi қызметiне қатысты бейiндi емес болып табылатын еншiлес ұйымдары бар екендігін айту керек.
      Құрылтай құжаттарда көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың мақсаты мен мәнi заңнамада нормалардың нақты жазылмауы салдарынан әрқашан тура мағынасы негiзгi мақсатқа сәйкес келе бермейдi не кез келген қызмет түрлерiмен айналысу мүмкiндiгін көздейдi.

 

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi



      Қазақстан 2030 даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы басымдықтары тұрғысынан Бағдарламаның басты мақсаты шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi қызметiн барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетiлдiру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру болып табылады.
      Шағын және орта кәсiпкерлiктің қазiргi жағдайы мен дамуының талдамасының нәтижелерiн және шетелдiк тәжiрибенi ескере отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшiн аталған бағытта мынадай мiндеттердi iске асыру көзделуде:
      Шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн заңнамалық негіздің барынша ашықтығын құру;
      экономиканы бюрократиясыздандыру және әкiмшiлiк кедергiлердi жою;
      шағын және орта кәсiпкерлiкте көлеңкелi айналымды қысқарту;
      мемлекетке бейiндi емес функцияларды рыноктiк ортаға, бiрiншi кезекте шағын және орта кәсiпкерлiкке беру;
      кластерлiк-желілік ұстаным негiзiнде тiршiлiкке қабiлетті инфрақұрылымдық жүйелердi құру және қамтамасыз ету;
      инновациялық экономикаға кәсiпкерлiктiң қатысуы.
      Жоғарыда аталған мiндеттер мынадай негiзгi шараларды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады:
      2005 жылы:
      тексеру жүргiзу, Қазақстан Республикасының бiр қатар заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдерiн әзiрлеу және қабылдау;
      шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту саласында заңнамалық негіздің барынша ашықтығын қамтамасыз етудi әзiрлеу;
      шағын және орта кәсiпкерлiк саласында мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларына талдау жүргiзу;
      шағын және орта кәсiпкерлiк саласында мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларын қысқарту және жүйелендiру жөнiнде шаралар қабылдау;
      шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне кредит беру көлемiн 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылай қолдау бөлiгінде "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ рөлiнiң күшеюiн қамтамасыз ету;
      Yлкен қаржы маркетiн құру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру.
      2006 жылы:
      мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттiң және акционерлiк компаниялардың бейiндi емес функцияларына талдау жүргiзу және шағын және орта кәсiпкерлiкке беру;
      шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiне кредит беру көлемiн 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету.
      2007 жылы:
      шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiне кредит беру көлемiн 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету.
      Мемлекеттiң жеке сектормен өзара iс-әрекетiнiң жаңа идеологиясын жасауды аяқтау.
      Кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың экономикалық моделiн әзiрлеу шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың жаңа стратегиясына және мемлекет пен бизнестiң өзара қатынасының жаңа идеологиясына көшудi бiлдiруi қажет. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту үшiн мемлекеттің бұдан әрi қолданатын шаралары (нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, салық салу, кредит беру, инфрақұрылымды дамыту және т.б) осы ұстанымды iске асыру тұрғысынан және осы экономикалық модел шеңберiнде қолданылады.

 

5. Бағдарламаны iске асырудың негiзге бағыттары

2014-07-19 18:44
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • Контрольная работа
  • © sanaalar.ru
    Образовательные документы для студентов.